Жалғас Жұмағұлов америкалық спортшы Чарльз Джонсонмен (12-3) жекпе-жек өткізіп, төрешілердің әртүрлі шешімімен жеңіліп қалды.
ERNUR.KZ. ММА шебері Жалғас Жұмағұлов (14-8) төрешілердің кезекті даулы шешіміне жауап беріп, видео жазды, деп жазады ҚазАқпарат.
«Жекпе-жекті бәріңіз көрдіңіздер, не айтайын? Айтатын ештеңе жоқ. Бұл менің соңғы жекпе-жегім. Маған жанкүйер болғандарыңыз үшін рахмет. Енді айқасқым келмейді. Нешінші рет айқастым – төрешілер маған бермейді. Барымды салып еңбектеніп жатырмын – нәтиже осындай. Мен мұны эмоцияға салынып айтып тұрғаным жоқ. Маған жанкүйерлік еткендеріңізге рахмет», - деді Жұмағұлов.
Еске салайық, Жалғас Жұмағұлов америкалық спортшы Чарльз Джонсонмен (12-3) жекпе-жек өткізіп, төрешілердің әртүрлі шешімімен жеңіліп қалды. ММА-дағы көптеген эксперт төрешілер қазақстандық спортшыға кезекті рет әділетсіздік танытқанына сенімді.