Жан Кособуцкий жеңілмеген германиялықпен айқасады

0
628

Кособуцкийдің сөзінше, рингке ол қарашада шығады, ал жекпе-жектің өтетін орны - Германия. 33 жастағы қазақстандық бұл елде бес айқас өткізіп, бәрін нокаутпен жеңген.


Жан Кособуцкий жеңілмеген германиялықпен айқасады

ERNUR.KZ. Ауыр салмақтағы қазақстандық бкосшы Жан Кособуцкий (18-0, 17 КО) германиялық Хуссейн Мухамедпен (16-0, 13 КО) жекпе-жекке шығады, деп жазады vesti.kz.

Кособуцкийдің сөзінше, рингке ол қарашада шығады, ал жекпе-жектің өтетін орны - Германия. 33 жастағы қазақстандық бұл елде бес айқас өткізіп, бәрін нокаутпен жеңген.

Кособуцкий - Мухамед жекпе-жегі титулды емес, рейтингтік болатынға ұқсайды.

Айта кетейік, Кособуцкийдің өзі соңғы кездесуін 41 жастағы франциялық Йохан Дюопаға (39-7, 26 КО) қарсы өткізіп, WBC International белбеуін жеңіп алды.

Содан соң ол неміс боксшысы Агит Кабайеланы (22-0, 14 КО) жекпе-жекке шақырды. Алайда ол айқастан бас тартты.

Кейін Еуропа бокс қауымдастығы (EBU) Кособуцкийге түркиялық Умут Чамкиранды (18-0, 17 КО) қарсылас етіп бекітті. Бірақ боксшылар жекпе-жек туралы келісе алмады.