Сонымен қоса, жаттығуға кешуге болмайды.
ERNUR.KZ. "Пари Сен-Жерменнің" жаңа бас бапкері Кристоф Галтье командадағы тәртіпті қолына алды, деп жазады vesti.kz.
Мәлімет бойынша, маман жаңа ереже енгізді. Енді ойыншылар тамақ ішу кезінде телефон қолданбайды. Сонымен қоса, жаттығуға кешуге болмайды. Егер себесіз кешіксе, жаттығуға қатыспайды.
Қазіргі таңда ПСЖ маусымға дайындық ретінде Жапонияда тур өткізіп жатыр. 20 шілдеде париждік команда Токиода 2:1 есебімен "Кавасаки Фронталені" ұтты.