Жапонияда Олимпиадаға арналған стадион тапсырылды

0
778

21 желтоқсанда ұлттық стадионның ресми ашылуы болады.


Жапонияда Олимпиадаға арналған стадион тапсырылды

фото: ашықдереккөзден

ERNUR.KZ. Жапония Токио Олимпиадасына тыңғылықты дайындалып жатыр. Күншығыс елі келер жылғы кешенді сынды қабылдайтын су жаңа ұлттық стадионның құрылысын аяқтап, нысанды мемлекеттің спорттық кеңесіне тапсырды, деп жазады 24.kz.

60 мың адам сыятын кешен олимпиада мен паралимпиада ойындарының ашылу және жабылу салтанаттарын қабылдайды. Сонымен қатар жеңіл атлетика сайыстары өтеді. Кешеннің құрылыс жұмыстарына 1,4 млрд доллар қаржы жұмсалды.

21 желтоқсанда ұлттық стадионның ресми ашылуы болады. Жаңа кешенде футболдан император кубогінің финалы өтеді. Бұған дейін бұл жерде ескі стадион болған еді. Іргетасы 1958 жылы қаланған кешен 1964 жылы Токио Олимпиадасын қабылдаған болатын.

2020 жылғы жазғы олимпиада ойындары Жапония астанасында шілденің 24-де басталады. Ал паралимпиада ойындарының ашылуы тамыздың 25-не жоспарланған.