Жеңіл атлет Надежда Дубовицкая ӘЧ-де үздік ондыққа кірді

0
671

Орегонда жеңіл атлетикадан әлем чемпионатында әйелдер арасында жоғары секіруден финал өтті.


Жеңіл атлет Надежда Дубовицкая ӘЧ-де үздік ондыққа кірді

ERNUR.KZ. Онда Қазақстанның атынан Надежда Дубовицкая қатысты, деп жазады vesti.kz.

Спортшының көрсеткіші 1,96 метр. Бұл нәтиже оған әлем чемпионатын ең мықты ондықта аяқтауына мүмкіндік берді. Надежда Дубовицкая қорытынды сегізінші орынды иеленді.

Жеңісті аустралиялық Элеонор Паттерсон - 2,02 көрсеткішімен жеңіп алды. Ал украиналық Ярослава Магучих күміс медальға ие болды (2,02). Елена Валлортигара (Италия) үшінші орында (2,00).