Қырыққабаттың 1-2 ас қасық сөлінде осының бәрі бар.
Әр әйелдің өзіне ұнайтын, терінің күйіне қарай қолайлы, жағымды, сүйікті маскасы болады.
Солардың қатарына кез келген теріге үйлесетін, ешқандай кері әсері жоқ, керісінше, пайдасы өте көп қырыққабаттан жасалынатын масканы ұсынғым келіп отыр.
Қырыққабатты кез келген уақытта, оңай табуға болады. Демек, бет күтімі үшін де қолжетімді маска деп айта аламыз. Бізге керегі қырыққабаттың сөлі.
Жалпы қырыққабатты тері күйгенде, терідегі жараларды таңып қою үшін қолданатынын білетін боларсыздар?
Қырыққабаттың құрамындағы теріге қажетті дәрумендердің көптігінде сөз жоқ. Сондықтан оның сөлін бет терісіне жағуды қолға алып, тұрақты тұтынсаңыз, теріңіздің балғын күйге еніп, жасара бастағанын байқау қиын емес.
(Көрнекілік сурет)Қырыққабат сөлінде натрий, кальций, калий, хлор, фосфор, магний, азот, күкірт, темір, кремний, марганец, йод және фтор бар. Осыншама минералды затты бір кремнің құрамынан табу мүмкін емес. Ал қырыққабаттың 1-2 ас қасық сөлінде осының бәрі бар.
Күнделікті мына уақытта немесе аптасына мынанша рет жағу керек деген қатып қалған қағида жоқ. Жиірек жасасаңыз, нәтижесін де жылдам көресіз.
Қырыққабаттың кішкентай бөлігін ұсақтап турап, қолмен мыжып немесе шырынсыққыштан өткізіп сөлін бөліп алыңыз. Осы сөлді кез келген уақытта бетіңізге жағып, кебе бастағанда тағы да үстінен сөлін жағып сіңіре беріңіз. Осылай бірнеше рет қайталаңыз. Қалауыңызға орай.
Бет терісіне өң кіріп, балғын бола бастағанын алғашқы сәттен-ақ байқайсыз.
Қырыққабаттан МАСКА
Оған бал, ашытқы, алма шырынын қосып та пайдалануға болады.
1 ас қасық қырыққабат сөліне 1 шай қасық бал мен 1 шай қасық ашытқы ұнтағын қосу керек. Жақсылап араластырып, 1 ас қасық алма шырынын қосыңыз. Қоспаны бет пен мойын терісіне жағып сіңіріңіз. 20 минуттан кейін жылы сумен шайыңыз.
Бұл масканы аптасына бір рет жасап тұрған жөн. Сонымен бірге күнара 1 стакан қырыққабат сөлін астан бұрын ішсеңіз де терінің ішкі құрылыстар арқылы да тазаланатынына, жасаратынына көзіңіз жетеді.
Дайындаған: Г. Жұмаділдаева,
Тағы да оқыңыз:
БЕТІ "ЖЫЛТЫР" қыздар НЕ ЖЕЙДІ?
ШАШТЫ БОЯМАЙ тұрып "АНТИГИСТАМИН" ішу керек - колорист маман кеңес берді