​ЖҮЗІМ мен БАНАН: ЖАЗДА дәрумендерді СҰЛУЛЫҚҚА пайдаланып қалыңыз

0
3 998

Жартыдан аз банан, жүзім сүйегінің майы (виноградных косточки) жарты шай қасық, 2 шай қасық салқын сүт қана қажет.


​ЖҮЗІМ мен БАНАН: ЖАЗДА дәрумендерді СҰЛУЛЫҚҚА пайдаланып қалыңыз

Жаз маусымы жеміс-жидектердің пісетін уақыты, бұл кезде табиғи маска жасауға да өте ыңғайлы, керекті табиғи дәрумендер оңай табылатын мезгіл.

Сондықтан тиімді пайдаланып, тері үшін дәруменге бай жеміс-жидектерден әртүрлі маскалар жасайық.

«Қыстың қамын жаз ойла!» дегендей, теріміз үшін «азықты» да қазірден қабылдай беруіміз керек. Өзінің денсаулығын, сұлулығын ойлайтын әрбір қыз-келіншек үшін маска түрлерін ұсынамыз.



Теріні нәрлендіріп, әжіммен күресетін маска
Бетіңіз құрғап, әжім көбейіп нәрсіз қалыпқа енсе, бұл маска сізге көмегін тигізеді. Құрамы қарапайым болғанымен дәруменге өте бай, тез арада нәтиже беретін заттармен толыққан.
Табиғи, еш химикатсыз нәтижелі масканы бірге жасайық

(Суреттер ашық дереккөздер алынды)

Құрамы:
- Жартыдан аз банан;
- Жүзім сүйегінің майы (виноградных косточки) жарты шай қасық;
- 2 шай қасық салқын сүт;
Ең алдымен бананды шанышқымен езіп аламыз, оған сүтімізді қосып жақсылап араластырып аламыз. Жүзім сүйегінің майынан жарты шай қасық қосамыз. Барлығын жасқысалып араластырамыз, маскамыз дайын.
Дайын болған масканы тазартылған бет терісіне жағып, 10-20 минут аралығында теріде ұстаймыз. Уақыты келгенде жуып тастаймыз.

Маскадан соң бетті құрғатып ылғалдандырғыш крем жағамыз!
Бұл масканы аптасына 1 реттен 1 ай бойына үзбей жасаған дұрыс.
Жаз мезгілінде бетімізді табиғи дәрумендермен барынша толықтырып, күтім жасап жүрейік.

Дайындаған: Г. Жұмаділдаева,

ERNUR.KZ


Тағы да оқыңыз:


ҚЫЗАНАҚтың «сиқыры» қыз-келіншекті СҰЛУ етеді

АНТИПЕРСПИРАНТ көмектеспей ме? ТЕРдің иісінен құтылатын ӘДІС бар