Ашу-ыза жеңіл кіжіну сипатында да, күшті агрессия түрінде де көрініс беруі мүмкін. Сондай-ақ, кейбір адамдар тым ашуланшақ болуы себепті басқаларға өз зардабын тигізіп жатады. Біреулер үшін ашуға берілу тым жылдам болса, яғни, эмоциясын басқара алмаса, кейбіреулер сабыр сақтай алады.
Ашу мен ыза - өміріміздің ажырамас бір бөлшегі болып кеткендей көріне ме? Иә, рас. Өйткені, біз күнделікті өмірімізде ашу тудыратын жағдайларға кезігіп тұрамыз. Ашуға бой алдырмаймын деген адамның өзі де сабыр сақтауға тырысып, болған жағдайларды елеусіз өткізіп жіберуге тырысқанымен, ұзақ уақыт бойы бойымызда қордаланып келген ашудың бір күні болмаса бір күні жарыларынан хабарымыз бар.
Ашу-ыза жеңіл кіжіну сипатында да, күшті агрессия түрінде де көрініс беруі мүмкін. Сондай-ақ, кейбір адамдар тым ашуланшақ болуы себепті басқаларға өз зардабын тигізіп жатады. Біреулер үшін ашуға берілу тым жылдам болса, яғни, эмоциясын басқара алмаса, кейбіреулер сабыр сақтай алады.
Сабырлы адамға қарап ашудың белгісін көрмеу ол адам туралы «көңіліне алмайды», «намыссыз» деп келте ойлауға болмайды.
Адамның ашуын келтіретін жағдайларға тап болған кезіңізде қалай сабыр сақтауға болады?
Ашуға берілу арқылы жаныңыздағы адамның да дегбірін қашырып, мазасыздыққа душар етпес үшін ашуды барынша жеңуге талпыныңыз.Оны қалай жасауға болады?
1. Тыныс алу.
Бұл барлық адамның қолынан келеді. «Ашу дұшпан-ақыл дос» дегендей, дұшпаныңызды жеңгеніңізді қалайсыз ба? Ендеше, терең тыныс алыңыз. Қаныңыз басыңызға теуіп, «қайнап» келе жатқан алғашқы минутта осы әдісті есіңізде ұстаңыз. Болған жағдайды жеңіл қабылдауға, барлығының да өткінші екендігіне өзіңізді сендіре біліңіз.
2. Когнитивті реабилитациямен (оңалту) шұғылданыңыз
Яғни, өзіне сенімсіз, үмітсіз ойдың орнына бойыңызға сенімділікті ұялату, нашар ойды керісінше алмастыру болып табылады.
Мәселен, «қолымнан ештеңе келмейді, мен өзгелер сияқты істей алмай жатырмын» деген ойыңызды «бұл іс менің ызамды келтіруде, бірақ, ашулану дәл қазір маған пайда бермейді. Керісінше, істі одан әрмен ушықтырып жіберуі мүмкін» деп ойласаңыз өн бойыңызбен көтеріліп келе жатқан қызу қаныңызды сабасына түсіреді. Тыныштандырушы терең дем алу техникасын меңгерген болсаңыз, сан-саққа жүгірген ойыңызды бір бағытқа топтап алуға мүмкіндік бар.
3. Жазыңыз
Пікіріңізді өзгерту мен агрессияны «бостандыққа жіберудің» ең жақсы тәсілдерінің бірі-жазу. Бәлкім, діл сол мезетте, яғни, ашу-ыза бойыңызды кернеген кезде жазуға қолыңыз бармас, дегенмен, не болып жатқанын, не істеп жатқаныңызды қағазға түсіруді әдет еткен болсаңыз, сізге көп көмектесетінін аңғарып та үлгерген боларсыз? Бүкіл ашу-ызаңызды, жаман ойыңызды барлығын-барлығын ақ қағазға түсіріп, жеңілдегеніңізді байқайсыз. Егер қаласаңыз, сол қағазды жыртып тастаңыз немесе өртеңіз. Ашуыңыз сол мезетте-ақ түк қалмай тарқап кетеді.
Ашуды бойыңызға ұзақ уақыт бойы жинамай, дер кезінде құтылып отыруға асығыңыз!
4. Өзіңізге шамалы уақыт беріңіз
«Ашу келгенде, ақыл шығып кетеді» деген сөз бар. Өзіңізді барынша қолға алып, ашудың сізді қоршап алуына жол бермеңіз. Егер жағдайды барынша терең түсініп алу үшін біраз уақыт жұмсасаңыз, нәтиже айтарлықтай болады.
5. Езуіңізге күлкі үйіретін сәттерді еске түсіріңіз
Ашуланып тұрған адам әзілді қайдан ойласын? Көкейіңізге бірінші келген сұрақ осы шығар? Алайда, дәл сол сәттің өзінде тым құрығанда балалық шағыңыздағы тентектігіңізді еске алуға болады. Бұл да біраз босаңсуға көмектеседі.
6. Дене еңбегімен шұғылданыңыз
Жүгіріңіз немесе жаяу таза ауада серуендеңіз. Сізге басқаларға «шашылуы» тиіс болған артық энергиядан, ішкі мазасыздықтан арылуға көмек беретін әртүрлі істермен шұғылданыңыз. Ашуыңызды қимыл-қозғалыс арқылы босатыңыз.
7. Мәселелеріңізбен «бірге ұйықтаңыз»
Шаршағаныңызды сезіп тұрған болсаңыз, ешқандай мәселені шешуге ұмтылмаңыз. Ұйқы келіп тұрғанда таңертеңгі ұйқыдан оянған тың сәтіңізде айта алмайтын артық сөздерді айтып қоюыңыз мүмкін. Яғни, ұйқыны бұзу да адамның ашуына себеп бола алады. Сондықтан, ұйықтап тұрғанда ашуыңыз басылып қалуы әбден мүмкін.
Г. Жұмаділдаева,
Күйеуіңізге АНА емес, ӘЙЕЛ болыңыз!
Күйеуіңізге ақыл қосқыңыз келсе 4 ҚҰПИЯНЫ біліңіз!
Баланы қалай жұбатуды білесіз бе? Әкелерге кеңес