Ер азаматтың жылағанына үрке қараудың қажеті жоқ.
Кез келген ер жігіт «ер азамат жыламайды», «жігіт деген әлсіздігін көрсетпеу керек» деген сөзді естіп өсетіні жасырын емес. Сондықтан көбіне өз сезімін ішке жасырып, жылауды ұят санайды.
Неге ер адамдар эмоциясын аз көрсетеді
Қандай да бір проблеманы қабылдауда ер мен әйел арасында үлкен ерекшелік бар. Бұған әсер ететін негізгі екі фактор бар.
Табиғат және қоғам
Ер азаматтар табиғатынан қорғаушы ретінде жаратылған. Олар әйел баласына қарағанда эмоциясын өте аз көрсетеді. Ер адам ақылға көп жүгінсе, әйел баласы сезіммен қабылдауға бейім. Сезімге көбірек берілетін болғандықтан әйелдің көз жасына ерік беруі ер адамға қарағанда оңай. Сондықтан әйелдер жылағанда өзін ыңғайсыз сезінбейді. Ал ер адам сезімнен гөрі ақылға көбірек жүгінгендіктен жылауға ыңғайсызданады және ұят санайды. Алайда, бұл ер азамат ештеңе сезбейді, сезінбейді деген емес. Олар да ренжиді, қуанады, ауыр тиетін кездер болады. Тек эмоцияны қабылдау мен оны көрсете білу екі түрлі нәрсе.
Баланы кішкентайынан «көз жасыңды көрсетпе», «жігіт деген жыламайды», «ер азамат төзімді болу керек» деген қағидамен өсірген, ал қыз баланың жылауына ештеңе айтылмайтын қоғамда эмоция көрсетуде ер мен әйел арасында үлкен алшақтық болады. Мұндай қоғамда әйелдің көз жасы аз талқыланады. Ер азамат та кейде жылап өз ішіндегісін шығарып алғысы келеді. Алайда оған жұрттың сөзі, ұстанымы кедергі келтіреді.
Неге әйелге ер азаматтың жылағаны ұнамайды?
Әрине, ер азаматтың жылағанын әйелдерге жақпайды деуге келмес. Тек, ер азамат жылағанда әйел оны қалай қабылдап, не істеу керек екенін білмейді.
Көз жасы әлсіздікпен байланыстырылады
Көптеген адамдар әлсіз жандар жылайды деген пікірде. Ал жыламаған жанды мықты, қатал етіп көреміз.
Неге ер азаматтың көз жасына қалыпты қарау керек
Мұның бірнеше себебі бар және олар бір-бірімен байланысты.
Көз жасы – күйзелісті шығарудың табиғи жолы. Еер оған шығуға мүмкіндік бермесеңіз, ол басқа бірдеңеге айналып кетуі мүмкін. Егер ер-азамат эмоциясын көрсетпесе, бұл сезімі жоқ болғаннан емес. Эмоцияны көрсете алмаса, бұл оның не денсаулығына, не жағдайына әсер етеді. Бірінші жағдайда жүйке жүйесінен бастап ағзаның көптеген бөлігі зақымданады. Ал, екінші жағдайда агрессия немесе тәуелділік пайда болады. Ер азамат эмоциясын ақылға қонымсыз тәсілдермен шығарады.
Жыламайды, бірақ эмоциясын басқаша жолмен шығаратын жандар өте көп. Ішкілікке немесе құмар ойынға тәуелді болу.
Ер адамның көз жасы әйелді қай уақытта алаңдату керек
Әсерлі фильм көргенде немесе баланы алғаш рет қолға алғанда сезімталдықпен шыққан көз жасы – бұл қалыпты жағдай. Мұндай ер-азамат эмоциясын дұрыс шығара біледі.
Бірақ, кейбір ер азаматтар себепті, себепсіз де жылай береді. Мысалы, әйелі төркінге кетіп, біраз күн келмей немесе телефонға жауап бермей қалса жылайтындар болады. Әйел болса да, еркек болса да бұл дұрыс емес.
Ер адамның көз жасына қалай қалыпты қараған дұрыс
Ең алдымен еркектің жылағаны дұрыс емес деген қағиданы ойдан толық шығару керек. Оның да өзіңіз сияқты ет пен сүйектен жаралған адам екенін ескеріңіз.
Көз жасынан қосымша мін іздемеңіз
Көз жасы әлсіздіктің белгісі немесе айла үшін деп ойлау қателік. Ер азаматтар да әйелдер сияқты жыламай-ақ жақсы алдай алады.
Балаларға жылауға рұқсат беру
Әйел адам ер баласын саған жылауға болмайды деген қағидамен өсірмеуі керек. Бұл ата-ана үшін де, бала үшін де пайдалы. Барлықс адамдар жылайды, бұл қалыпты нәрсе деп тәрбиелеу керек.
Көз жасына адекватты түрде қарау
Бұл турасында әмбебап дұрыс тәсіл жоқ. Дегенмен кейбір тәсілдер көмектесуі мүмкін.
Қамқорлық көрсету
Бұл деген ер азаматыңыздан көмек керек па деп сұрау керек деген сөз. Көзге көрініп тұрған нәрсені айтыңыз, қалай қолдау білдіруге болатынын сұраңыз. Міндетті түрде қандай да бір әрекет жасаудың да қажеті жоқ, кейде жай ғана мейірімді көзқарас пен құшақтағанның өзі үлкен көмек.
Ештеңе болмағандай кейіп таныту
Кейде ер адам жылаған кезде ештеңе болмағандай, көрмегендей болыңыз. Көңіл босап, көзіңізге жас алсаңыз өзгелердің барлығының назары сізге қарай ауса, өзіңізді ыңғайсыз сенініп қаласыз ғой. Тура сол секілді ер азамат та кейде көз жасын көрсеткені үшін қысылатын кездер болады. Әсіресе кино көргенде.
Сөйлесу
Ер азаматыңыздың қатты күйзеліп жүргенін байқасаңыз, онда әңгімеге тартыңыз. Мейлінше сөзін бөлмей тыңдап, ішіндегісін ақтаруға мүмкіндік беріңіз. Кейде, қанша қиналса да адамның көзінен жас шықпайтын кездер болады. Мұндай кезде де сөйлесетін болсаңыз, жеңілдеп қалуына мүмкіндік бересіз.
Негізі, гендерлік көзқарастар мен әлеуметтік стереотиптер ер адамдардың өзгелерге проблемалары туралы айтуына кедергі келтіріп, бәрін іште ұстауға мәжбүр етеді. Алайда, эмоцияны сыртқа шығара алған адамдардың 88,8%-ның денсаулығы жақсы болады екен. Сондықтан ер азаматыңыздың жылағанына үрке қараудың қажеті жоқ.
Дайындаған: Э. Базарбаева,