ЕРЛІ-ЗАЙЫПТЫ арасында көзге көрінбейтін, дәлелсіз ОПАСЫЗДЫҚтар бар

0
816

Тән жақындығы болмай-ақ опасыздық жасайтындар бар.


ЕРЛІ-ЗАЙЫПТЫ арасында көзге көрінбейтін, дәлелсіз ОПАСЫЗДЫҚтар бар

Көзге көрінбейтін опасыздық. Опасыздықтың мұндай түрі де болады. Оны микроопасыздық, яғни кішкентай опасыздық дейді. Микроопасыздық деген не - Бұл деген жолдасыңыздың кейбір іс-әрекеттеріне сенімсіздік таныту. Мысалы, ол өзі тартымды деп санаған жанмен әлеуметтік желі арқылы хат алмасады немесе соларға үнемі лүпіл басып отырады.


Әрине бұл әрекеттер анық опасыздық емес, сондықтан мұндай жағдайда не істеу керектігін түсіну біршама қиынға соғады. Сол арада микроопасыздық, бақытты отбасының негізгі бір бөлігіне айналған ерлі-зайыптылар арасындағы сенімді жаймен жоя бастайды. Сенім азайған сайын ұрыс көбейіп, ашуға жылдам берілу, бір-бірінің телефонын қарау, жиі аңдып отыру басталады. Ал бұл нәрселер мәселені ушықтыра түсетіні анық.


Көзге көрінбейтін опасыздықты қалай анықтауға болады және не істеу керек

Егер жолдасыңыздың өзге адамдармен бір қарағанда ешқандай зияны жоқ құпия әңгімесі болса, онда бұл – белгі. Әрине егер жолдасыңызды анық бірумен кездесіп жүргенін білсеңіз, онда өзіңізді сатып кеткенін, опасыздық болғанын анық біліп, сезінесіз. Ал, енді лүпіл басып, фото, жазбалары жібермей қарап жүрсе және мұны құпия ұстаса, онда сізде екі нұсқа бар:

  • Жолдасыңызға оның не істеп жүргенін білетініңізді айтып, мұны неге құпияда ұстағанын сұрау. Алайда бұл жағдайда арадағы әңіме ұрыссыз болуы екіталай. Тіпі ушығып, жылдар бойы жиналған сенімге мүлде орала алмау қаупі де бар.
  • Білетін ақпаратыңызды жай ғана елемей қоя сау. Айтуға уақыт таппаған, маңызды деп санамаған, деп қоя салу.


"Микроопасыздықты" қалай өткеру керек

Басыңызды жаулап алған ойдан алшақтауға тырысыңыз. Отбасылық өмірдегі бақытты кездеріңіз бен өзіңіз опасыздық деген жағдайды салыстыра қарап, талдап көріңіз. Бірақ қандай да бір шешімге келмес бұрын өзіңізге бірнеше сұрақ қойп көріңіз:

  • Білген ақпаратыңыз сіз үшін қаншалықты маңызды?
  • Өзіңіздің жолдасыңыздан жасырған нәрсеңіз бар ма?және неге оны құпия ұстадыңыз?
  • Жолдасыңыз адалдығынан күдіктенуге себеп берген бе?

Жағдайға байланысты өз ойыңызды саралап болған соң, оны жолдасыңызға айтып, бөлісіңіз. Оны кіналамай, жай ғана қызығушылық танытыңыз. Ойын ашық айтып алуға мүмкіндік беріңіз. Мүмкін тән жақындығы болмаған соң жолдасыңыз мұндай жағдайға мән беріп қарамауы да мүмкін.

Ашық қарым-қатынас, сөйлесу, түсіністік таныту – ұзақ та бақытты өмірдің кілті.



Дайындаған: Э.Базарбаева,

ERNUR.KZ.