Соттың санкциясымен Таштанов тұтқындалды.
Түркістан облысында табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестік және тұтынушылардың құқықтарын қорғау Комитет басшысының орынбасары ұсталды. Бұл мәліметті Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Нұрлан Жахин мәлімдеді, деп хабарлайды ERNUR.KZ. tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
"Таштанов өзінің қарамағындағылармен бірге, атап айтқанда, бөлімнің басшысы Әжібеков пен бас маман Егембергеновпен келісімде болған. Жүйенің негізінде 11,4 миллион теңге сомасындағы параны бәсекелестік туралы заңнаманы бұзатын ұйымды қудалаудан бас тартқан үшін берген", - деді Жахин.
Соттың санкциясымен Таштанов тұтқындалды. Қазір тергеу жүргізіліп жатыр.