"39 көлік болған": Түркістан облысында ер адам айып тұрағындағы көліктерді өртеп жіберген

0
953

Өрт салдарынан 39 көліктің сегізі толықтай өртеніп кеткен.


ERNUR.KZ. Түркістан облысында ер адам Сайрам ауданы Қарасу ауылдық округындағы айып тұрағында тұрған көліктерді өртеп жіберді, деп жазады Тengrinews.kz.

Өрт туралы хабарлама өртке қарсы қызмет пультіне 05:55-те келіп түсті. Сегіз минуттан соң өрт сөндірушілер өртті ауыздықтай алды, ал сағат 06:38-де толығымен сөндірілді. Өрт салдарынан 39 көліктің сегізі толықтай өртеніп кеткен. Зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ.


Қаскөйдің әрекетін тұрақ аумағында орналасқан бейнебақылау камерасы түсіріп алған. Ер адамның жеке басы анықталды. Ол Сайрам ауданы Манкент ауылының тұрғыны болып шықты, ол таяуда мас күйде және көлікті рұқсат ететін құжатсыз жүргізгені үшін ұсталған. Тәртіп бұзушы бірінші рет әкімшілік жауапкершілікке тартылып, автокөлік айып тұрағына жеткізілген.

Түнде күдікті қоршаудан өтіп, өз автокөлігіне келіп, оны өртеп, оқиға орнынан қашып кеткен.

Ер адам ұсталды және уақытша ұстау изоляторына қамалды. Күдікті өз кінәсін мойындады. Сотқа дейінгі тергеу шаралары ҚР Қылмыстық кодексінің 202-бабы, 2-бөлігі (бөтеннің мүлкін қасақана жою немесе бүлдіру) бойынша жүргізіліп жатыр. Күдікті 7 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін.