​90 жылдан асқан мектептің лентасы қиылды

0
2 657

ERNUR.KZ. ОҚО, Ордабасы ауданындағы Ақжол ауылында 90 жылдан аса тарихы бар Жамбыл атындағы жаңа мектеп ғимаратының ашылу салтанаты өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.


​90 жылдан асқан мектептің лентасы қиылды

ERNUR.KZ. ОҚО, Ордабасы ауданындағы Ақжол ауылында 90 жылдан аса тарихы бар Жамбыл атындағы жаңа мектеп ғимаратының ашылу салтанаты өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Мектеп лентасын облыс әкімі Жансейіт Түймебаев пен елімізге белгілі драматург-жазушы Дулат Исабеков қиды. Сонымен қатар Жамбыл Жабаев ескерткіші мен ҰОС ардагерлеріне арналған ескерткіш-тақтайшаны ашты.

90 жылдық тарихы бар бұл мектеп алғашқы рет 1926 жылдан бастап білім бере бастаған. Сол кездегі мектеп ғимаратының бүгінгі таңда орны да қалмаған, тек жұрнағы ғана бар. Бұл жөнінде көпшілікке арнайы көрсетілген деректі фильмде жан-жақты түсіндірілді. КСРО Батыры Бейсен Оңтаев, қоғам қайраткері Бекен Әбдіразақов, жазушы Дулат Исабеков, сатирик Садықбек Адамбеков, Қосжан Мүсірепов осы білім ордасында сауат ашыпты. Сонымен қатар, кейінгі буындардан мультипликатор Батырхан Дәуренбеков, ақын, журналист Айдар Сейдәзім аталмыш мектепте оқығандығы айтылды.

300 орындық Жамбыл атындағы ЖОМ-ды«МТС Төлеген» ЖШС салған.

Мұнан соң өңір басшысы мектептің ішін аралап, сыныптарға кірді, Дулат Исабековпен бірге арнайы қойылған партадағы кітапқа өз қолтаңбаларын қалдырды. Жиын мектеп ұжымы қойған театрланған көрініспен, осы аймақтың, мектептің тарихы жөнінде түсірілген деректі фильммен жалғасты.

Жиналған көпшілікке арнайы ас берілді. Жұртшылық 90 жылдан асқан мектептің тарихы жөнінде жазылған кітапты таласа-тармаса алып жатты.