Алик Шпекбаев Түркістан қалалық орталық емхана жұмысына жоғары баға берді

0
1 489

Төраға озық үлгіде салынған Түркістан қалалық орталық емханасының ішін аралап,​ ондағы жаңа технологияларымен танысты.


Алик Шпекбаев Түркістан қалалық орталық емхана жұмысына жоғары баға берді

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев пен Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев Түркістан қалалық орталық емхана жұмысына жоғары баға берді, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Төраға озық үлгіде салынған Түркістан қалалық орталық емханасының ішін аралап, ондағы жаңа технологияларымен танысты. Аталған емханада цифраландырудың алдыңғы қатардағы жаңартуларды: инфокиоск, куаркод, онлайн хабарлау, колл центр, тікелей Кмис - ке қосылған терминал, автодозвон, ПУШ және науқастарға смс- хабарлама жеткізу ісі мен тіркеу орынын аз уақыт ішінде күрделі өзгерістерге және жаңартулар орын алды. Шпекбаев мырза емхана қызметін Нұр - Сұлтан қаласындағы медицина мекемелеріндегі заманауи технологиямен жабдықталуымен салыстыра отырып, жоғары бағасын берді.
Түркістан қалалық орталық емханасының тіркеу орнында Елбасының талабына сәйкес "Адалдық алаңы" мен әлеуметтік қызмет көрсету орындары ашылды. Онда КР Денсаулық сақтау Министрлігінің бұйрығына сәйкес мүмкіндігі шектеулі жандарға әлеуметтік қолдау көрсетілуде.Триаж жүйесі ашылып халыққа қызмет көрсетілуде.

Алик Жатқамбайұлы озық үлгіде салынған қалалық емхананың ішін аралап, емдеу обьектілеріндегі жаңа медициналық құрал-жабдықтардың мүмкіншіліктеріне куә болды. Бүгінде қалалық емхана қала тұрғындарының денсаулығын сауықтыруда сапалы қызмет көрсетуде. Облыс орталығында бой көтерген емханада жалпы саны 1300 қызметкер жұмыс жасайды. Түркістан қаласының облыс орталығына айналуы ақ халаттылардың жауапкершілігін еселей түсіп, талай жанның ауруынан айығып кетуіне мүмкіндік сыйлауда.