Арыс аудандық сотының ұжымы марапатқа ие болды

0
3 268

Жыл басында Жоғарғы Сот төрағасы Ж.Асанов еліміздегі сот жүйесін одан әрі дамыту бойынша жеті басым бағытты ұсынған болатын. Судьялардан, адвокаттардан, сот қызметкерлерінен, заңгерлік қауымдастықтардан келіп түскен мыңнан астам ұсыныстың негізінде даярланған бұл жоба, «Сот жүйесінің 7 түйіні» деп аталды.


Арыс аудандық сотының ұжымы марапатқа ие болды

фото: facebook.com

Түркістан облысы, Арыс аудандық сотының ұжымы марапатқа ие болды, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі Арыс аудандық баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жыл басында Жоғарғы Сот төрағасы Ж.Асанов еліміздегі сот жүйесін одан әрі дамыту бойынша жеті басым бағытты ұсынған болатын. Судьялардан, адвокаттардан, сот қызметкерлерінен, заңгерлік қауымдастықтардан келіп түскен мыңнан астам ұсыныстың негізінде даярланған бұл жоба, «Сот жүйесінің 7 түйіні» деп аталды.

Сот жүйесін дамытуға бағытталған жоба 7 бағытты қамтиды: «Мінсіз судья», «Үлгілі сот», «Әділ процесс», «Е-СОТ», «Оңтайлы орта», «Сапалы нәтиже», «Сотсыз татуласу орталығы». Жеті жоба 2020 жылға дейінгі сот жүйесін дамыту тұжырымдамасының негізін құрды. Ол сот жүйесін жаңа даму деңгейіне көтеруі тиіс. Тұтастай алғанда, аталған жобалардың негізгі ортақ міндеті – қоғамның соттарға деген сенімін арттыру.

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігі күніне орай, Жоғарғы Сот төрағасы ұсынған "Сот жүйесінің жеті түйіні" бағдарламасындағы "Оңтайлы орта" тақырыбында жүргізілген сапалы жұмыс атқарғаны үшін Арыс аудандық сотының ұжымы Түркістан облыстық сотының алғыс хатымен марапатталды.