Арыста гуманитарлық көмек беретін 17 сектор ашылды

0
1 542

Жаймашуақ кейіпке енген Арысқа тұрғындар оралуда.


Арыста гуманитарлық көмек беретін 17 сектор ашылды

Арыс тұрғындарына әлеуметтік көмек көрсету мақсатында Арыс қаласы 17 секторға бөлінді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Түркістан облысының әкімдігімен апаттан зардап шеккен тұрғындарға азық-түлік көмегін беру туралы Штаб құрылған болатын.

Ауқымды қайырымдылық акциясы аясында облыс әкімдігі, қоғамдық бірлестіктер, қарапайым халық пен еріктілер тарапынан арыстықтарға 150 тоннадан астам қажетті азық-түлік, макарон, балалар тағамы, киім-кешек жинақталды.

Республиканың өзге облыстары мен Алматы, Шымкент қалаларынан бірқатар жүк көліктері келіп жатыр.

Осы орайда әлеуметтік көмек көрсету мақсатында Арыс қаласы 17 секторға бөлінді. Осы 17 секторда тұрғындарға гуманитарлық көмек көрсететін 17 бөлімше ашылды.

Қазіргі таңда аталған нысандар азық-түлік тарату жұмыстарын бастап кетті.

Дереккөз: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі