АРЫСТАҒЫ ЖАРЫЛЫС: Зардап шеккен отбасы шатырда қонып жүр

0
940

Енді бірі моншаны паналаған.


АРЫСТАҒЫ ЖАРЫЛЫС: Зардап шеккен отбасы шатырда қонып жүр

Түркістан облысы, Арыс қаласында жарылыстан зардап шеккен азаматтар өз баспанасына кіре алмай далада жүр, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Арыста әлі күнге шешілмей жатқан мәселе шаш етектен. Қазір ауа температурасы күн батса 12 градусқа дейін төмендеп кетеді. Осындай қара суықта үйлері бітпей қалып, амалсыздан шатырларда тұрып жатқан отбасылар бар екен. Суық сарайды, енді бірі моншаны паналаған халық кешегі қарда қатты қиналғанындарын айтады.

Баспанасы қирап, далада қалған сәттен бастап әйелі және үш қызы ескі сарайды баспана етіп алған. Ал жанындағы бастырмадан қонақ бөлме жасап алғандығын айтады Арыс қаласының тұрғыны.

"Бұл жер негізі сарай. Осында тұрып жатырмыз, үй суық, пеш қосып жатырмыз", - дейді Ерлан Мұратбеков.

Дәл осы үйдің көршісі 1-ші топ мүгедегі Марина Хамрюк болса, жарылыс болғаннан бері аулада жүріп үйіне кірі алмағандығын жеткізді.

Сондай-ақ, 11 адамы бар үлкен отбасы да далада жүріп шаршаған. Бірі туыстарында жүрсе, бірі тіркеме дүңгіршекте, енді бірі науқастанып ауруханаға түсіпті.

"Сол уілдеген үйдің ішінде жатамыз деп немерелерімнің бесеуі және келінім қатты ауырып жатыр", - дейді Арыс қаласының тұрғыны Мейізкүл Қарабаева.

Қазірде құрылысы бітпеген үлкен отбасының 11 мүшесі туыстарын паналап, әрқайсысы әр жақта өмір сүріп жатыр.

Пеші жоқ үйлер бойынша Арыс қаласының әкімдігі 2-3 күнде толық орнатылады деп сендірді. Ал, немерелері сырқат анаға қатысты үй иелері жобадағы құрылыс заттарымен келіспегендіктен кешіккендігін жеткізді.

"Материалдарды өзгерту, сметада қаралғандарды ауыстыру, осы мәселелермен біз көп кешіктік", - дейді құрылысқа жауапты маман Ғабиден Қиясбаев.

Мәселен, жобадағы кірпіш орнына полистирол блогын алдыртса, бөлме биіктігіне қосымша 40 см қостырыпты. Осының бәріне уақыт кеткенін айтады жауапты маман. Үй иесінің өз қаржысына кеткен шығындарды толықтай өтеп, енді 10 күнде баспанасын бітіреміз деп отыр.

дереккөзі: 31 арна