«АУЫЛ – ЕЛ БЕСІГІ»: Арыстағы ауылдар дамытылып жатыр

0
339

Жолдарға асфальт жабындысы төселіп жатыр.


«АУЫЛ – ЕЛ БЕСІГІ»: Арыстағы ауылдар дамытылып жатыр

Арыста «Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында ауылдардың ажары ашылуда, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Арыс қаласында «Ауыл – Ел бесігі» арнайы бағдарламасы аясында игілікті істер атқарылуда.


Аталған бағдарлама шеңберінде Арыс қаласына қарасты Жиделі ауылдық округінде жолдарға асфальт жабындысы төселіп жатыр.


«Қазіргі уақытта Жиделіде табиғи газ кіргізу және ауылішілік жолдар салу қарқынды жүруде. Бұл «Ауыл – Ел бесігі» жобасы аясында жүзеге асуда. Жаңа жолдардың салынуы тұрғындар үшін де жағымды жаңалық болды» дейді Арыс қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысы Қазыбек Ақылбай.


Өткен жылы Жиделіде 3 көшеге асфальт төселіп, аяқжол мен жарықшамдар орнатылса, биыл қалған 5 көшеге жолдар салынуда.


Айта кетейік, биыл жергілікті бюджет есебінен қала көлемінде 9 көшеге асфальт төсеу және 25 шақырым жолға тас төсеу жоспарланған. Сондай-ақ, «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы аясында үш елді мекенде орналасқан 13 көшеге жол салу көзделіп отыр.