​"Бал Текстиль" бәйдібектік колледжге 90 кілемді тарту етті

0
2 030

Осындай қызығы мен шыжығы біте қайнаған жатақханадағы колледж студенттері компания басшысына ризашылығын білдірді.


​

Түркістан облысы, Бәйдібек ауданының тумасы, жақында ғана үздік кәсіпорын деп танылған Түркістан облысы "Бал Текстиль" компаниясының директоры Ысқақов Талғат Жүнісбекұлы жаңа жыл мерекесіне орай аудандағы №19 колледж жатақханасының 90 жатын бөлмесіне 90 кілемді акциялық бағамен демеушілік жасап, тарту етті, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Қызықты студенттік шақ ең бір есте қалатын кезең екені белгілі. Әсіресе, жатақхана өмірінде ұмытылмайтын естеліктер көп. Осындай қызығы мен шыжығы біте қайнаған жатақханадағы колледж студенттері компания басшысына ризашылығын білдірді.

Талғат Жүнісбекұлының қашан да болса туған жеріне туын тігіп, осы уақытқа дейін көптеген игі істердің басы қасында жүріп, демеушілік жасап жүргені баршаға аян. Болашақта кәсіпкер болуды армандаған колледж жастары иман жүзді осындай аға буыннан үлгі ала отырып, қайда жүрсе де елінің қамын ойлайтын жан болып қалыптасуына ықпалы болары анық.

Айта кету керек, Елбасының "Рухани жаңғыру" мақаласына орай "Атамекен" бағдарламасының "Жомарт жүрек" жобасы аясында Түркістан облысы "Бал Текстиль" компаниясының директоры Ысқақов Талғат Жүнісбекұлы Қазақстан Республикасы Президентінің "Алтын сапа" сыйлығымен марапатталған болатын.