Балаларға қатысты зорлық-зомбылық мәселесі талқыланды

0
2 930

Ордабасы ауданындағы Ғ.Мұратбаев атындағы жалпы орта мектебінде «Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» тақырыбында республикалық ақпараттық науқанда оқушылар қажетті мағлұмат алды.


Балаларға қатысты зорлық-зомбылық мәселесі талқыланды

Түркістан облысы, Ордабасы ауданындағы Ғ.Мұратбаев атындағы жалпы орта мектебінде «Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» тақырыбында республикалық ақпараттық науқан жоғары дәрежеде өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Елбасымыз Н. Ә. Назарбаевтың «Қазақстан-2050» Стратегиясында «Балалар – қоғамның ең әлсіз және қорғансыз бөлігі және олар құқықсыз болуға тиіс емес. Елбасы ретінде мен әрбір сәбидің құқығы қорғалуын талап ететін боламын» - деп атап өткен. Осыған орай, жыл сайын республикалық науқан өтеді. Биыл жалпы білім беретін орта мектебі бойынша ересектер мен балалардың, жалпы қоғамның балаларға қатысты зорлық-зомбылық мәселесі, осы саладағы халықаралық және ұлттық заңнама негіздері туралы ақпараттануын арттыру мақсатында 12.11-23.11 аралығында «Зорлық зомбылықсыз балалық шақ» республикалық ақпараттық науқанының онкүндігі жоспарланып, бекітілді.

Аталмыш онкүндік Ордабасы ауданындағы Ғ.Мұратбаев атындағы жалпы орта мектебінде жоғары дәрежеде өтті. Жоғары сынып оқушыларымен «Зорлық зомбылықсыз балалық шақ» тақырыбнда дөңгелек үстелдер, пікірсайыстар, ал 5-7-ші сыныптар аралығында тәрбие сағаты өтілді.

Әлеуметтік педагог А.Сұлтанбекова оқушыларға зорлық-зомбылық туралы мағлұмат берді. Мектептің педагог-психологы С.Тұяқбай оқушылардан сауалнама алып, зорлық-зомбылықтың баланың мінез-құлқына әсер ету ерекшеліктеріне тоқталды.

Оқушылардан алынған сауалнама нәтижесінде өздеріне ешкімнің де күш көрсетіп, ұрып-соғып, балағаттап, күштеп жұмыс жасатып жүрген адамдар жоқ екенін, ешкімнен жәбір көрмей, өзгелерге де жәбір көрсетпей жүргендері туралы ойларын ортаға салды.