БОРАНДЫ ТҮНДЕ ШАҚЫРТУҒА ЖАЯУ БАРҒАН: Жедел жәрдем қызметкерлері жүкті әйелді үйінде босандырып алды

0
605

Қолайсыз ауа райынан шақыртуға барған үйде жарық болмаған.


БОРАНДЫ ТҮНДЕ ШАҚЫРТУҒА ЖАЯУ БАРҒАН: Жедел жәрдем қызметкерлері жүкті әйелді үйінде босандырып алды

Түркістан облысында боранды түнде шақыртуға жаяу барған жедел жәрдем қызметкерлері жүкті әйелді үйінде босандырып алды , деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облысы, Төле би ауданындағы жедел жәрдем қызметкерлері боранды түнде шақыртуға жаяу жетіп, аяғы ауыр келіншекті босандырып алды.


Оқиға 8-қаңтар күні шалғайдағы Алатау ауылында болған. Қар бораған түнде шақыртуға барған 103 қызметкерлері шақырған мекенжайға көлікпен жете алмай, жарты жолда жаяулатады. Қолайсыз ауа райынан шақыртуға барған үйде жарық болмаған. Медицина мамандары толғағы қысқан әйелді перзентханаға уақтылы жеткізе алмайтынын түсініп, шұғыл үй жағдайында жүкті әйелді ұялы телефонның жарығымен босандырып алды.


Босанған әйел мен бала Ленгір қалалық ауруханасына жеткізілген. Дер кезінде көрсетілген медициналық көмектің арқасында бала мен ананың өміріне қауіп төнген жоқ.


Айта кетейік, боранды түнде шақыртуға барған Төлеби аудандық №12 жедел-жәрдем бекетінің қызметкерлері – Ербол Сартаев, Алтаев Асан, Пернебек Нұржан. Осылайша 103 қызметкерлері қолайсыз ауа райына қарамастан, науқастарға шұғыл көмек көрсете білді.