Катарда Түркістанның туристік әлеуеті таныстырылып жатыр

0
559

Халықаралық көрмеге Түркістан облысы шақырту алған.


Катарда Түркістанның туристік әлеуеті таныстырылып жатыр

Катар мемлекетінде халықаралық көрме басталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Катар мемлекетінің астанасы Доха қаласында «IFP Group» компаниясының ұйымдастыруымен халықаралық көрме басталды. Оған Түркістан облысының Туризм басқарамасы және «Turkistan Tourism Center» туристік ақпараттық орталығының өкілдері қатысып жатыр. Мақсат – Түркістан облысының туризмін әлемге таныстыру.


Айта кетсек, 9-11 қараша аралығында өтетін көрме алаңында туристік конференция, оқу бағдарламасы, арнайы конкурстар, B2B кездесулер ұйымдастырылады. Көрме аумағында қатысушаларға 12 шаршы метр көлемінде тегін алаң бөлінген.


Қазіргі таңда аталмыш іс-шараға Австрия, Аргентина, Беларусь, Бельгия, Ботсвана, Болгария, Германия, Үндістан, Индонезия, Иран, Испания, Италия, Канада, Катар, Қытай, Кувейт, Ливан, Малайзия, Мексика, Нидерланды, Оман, Пәкістан, Палестина, Парагвай, Ресей, Сингапур, Шри-Ланка, Хорватия, Франция, Жапония, Швеция, Түркия, Украина, Венесуэла елдері қатысуға тіркелген.


Катар тұрғындарының Қазақстанның туристік нысандары мен көрікті орындарына деген қызығушылықтары ерекше. Сондықтан Түркістанның бүкіл түркі халықтарына ортақ, әлемге әйгілі екені ескеріліп, көрмеге Түркістан облысы шақырту алды. Халықаралық іс-шараға Түркістан облысы өкілдерінің қатысуы Катардан инвестиция мен саяхатшыларды тартуға ықпал ететіні анық.