Қазақстанның әр облысы Түркістанға бір ғимараттан салып береді

0
1 552

Еліміздің әр облысы Түркістан қаласына бір ғимараттан салып, сыйға тартады.


Қазақстанның әр облысы Түркістанға бір ғимараттан салып береді

Еліміздің әр облысы Түркістан қаласына бір ғимараттан салып, сыйға тартады, деп хабарлайды ERNUR.KZ Түркістан облысының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұл жөнінде Түркістан облысы әкімі Жансейіт Түймебаев Түркістан қаласында болған басқосуда айтты.

Мәселен, Астана қаласының әкімі Ә.Исекешов «Астана» саябағын салу туралы ұсыныс білдірген. Жансейіт Түймебаевтың айтуы бойынша Түркістан қаласында бой көтеретін тұрғын үйлер көп қабатты болмайды. Себебі, Қожа Ахмет Яссауи кесенесінің биіктігінен аспауы керек. Барлық жерде мавзолей мүмкіндігінше көрініп тұруы қажет. Сондай-ақ, баспаналар Орта-Азиялық стильде, яғни көне дәуірдегі сәулетпен салынуы тиіс. Сонда еліміздегі, кем дегенде, бір қала осындай ескі келбетпен бой көтереді.

Түркістан қаласын туристер үшін қолайлы аймаққа айналдыру мәселесін сөз еткен өңір басшысы мұнда жаңадан әуежай, теміржол вокзалы мен автовокзал және қонақ үйлер, дәмханалар салынатынын атап өтті. Сонымен қатар, Жансейіт Қансейітұлы Қ.А. Яссауиға қатысты жарияланған құнды жәдігерлердің көптігінен арнайы Яссауи музейі салыну қажеттігін жеткізді.