Қазыналы қарттарға құрмет көрсетілді

0
2 629

Ел тыныштығын тілеп, бата-тілектерін арнаған еңбек ардагері Мырзахан Омаров пен тыл ардагерлері Шайықбек Құдайбергеновтер қала басшысының көрсеткен құрметіне алғыстарын білдірді.


Қазыналы қарттарға құрмет көрсетілді

Түркістан қаласының әкімі Әліпбек Өсербаев 1 қазан – Халықаралық қарттар күні мерекесіне орай қаламыздың өсіп-өскендеуі жолында қажырлы еңбек етіп, бүгінде бейнетінің зейнетін көріп отырған қарттарды мерекемен құттықтап, жылы лебізін білдірді, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Қазыналы қарттардың шаңырағына арнайы бас сұққан шаһар басшысы ел үшін еткен еңбектеріңіз ескерусіз қалмайды дей келе, құттықтау хатын және облыс әкімі Жансейіт Түймебаевтың құттықтауы мен арнайы сый-сияпатын табыс етті.
«Қарты бар елдің - қазынасы бар деген керемет қанатты сөз бар халқымызда. Түркістанның өткені мен бүгініне куәгер болып, қаланың дамуына үлес қосқан азаматтар бүгінде ел сыйлаған қарияға айналған. Абыз ақсақалдар біздер үшін нағыз еңбекқор тұлғаның нақ көрінісіндей болса, жастарымыз үшін тәрбиенің қайнар бұлағы іспеттес жандар. Сондықтан алдыңғы буын аталарымыздың дені сау болып, әрдайым қуанышты сәттердің куәгері болып жүре берулеріне тілекшімін»,-деді қала әкімі Әліпбек Шәріпбекұлы.
Ел тыныштығын тілеп, бата-тілектерін арнаған еңбек ардагері Мырзахан Омаров пен тыл ардагерлері Шайықбек Құдайбергеновтер қала басшысының көрсеткен құрметіне алғыстарын білдірді. Сонымен қатар, дәл осындай сый- құрметке Жолбарыс Нұрмұхамедов, Абдулла Рисметов, Алимбай Искендеров, Асилтай Орымбетов, Ұлжан Мұстафаевалар да ие болды.