«КИЕЛІ МЕКЕН»: Ордабасыдағы Ишанбазар мешітінің айналасында тазалық жұмыстары атқарылды

0
394

500 түп тал көшеті отырғызылып, әрлеу жұмыстары атқарылды.


«КИЕЛІ МЕКЕН»: Ордабасыдағы Ишанбазар мешітінің айналасында тазалық жұмыстары атқарылды

Ордабасы ауданындағы Ишанбазар мешітінің айналасында тазалық жұмыстары жүргізілді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Ордабасы ауданы Шұбар ауылдық округінде «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясының «Киелі мекен» апталығы аясында 19 ғасырдың сәулеттік ескерткіші - Ишанбазар мешітінің айналасында тазалық жұмыстары жүргізілді. Көгалдандыру жұмыстарын аудан орталығындағы Қажымұқан атындағы облыстық спорт музейінің қызметкерлері ұйымдастырды. Бүгінде кесене аумағына 500 түп тал көшеті отырғызылып, әрлеу жұмыстары атқарылды.


Ишанбазар мешіті — Ордабасы ауданындағы Аққойлы елді мекенінің солтүстік шығысында орналасқан. Мешітті 19 ғасырдың соңы мен 20 ғасырдың басында Бұхара қаласында 30 жылдан аса діни сабақ алып, ишан деген құрметті атты иеленген Егемберді есімді азамат салдырған. Онда өз заманында діни, қоғамдық, мәдени шаралар өткен. Тіпті сауда орындары қойылып, жұрт базарға жиналған. Ел мерекелерде күрес, бәйге сынды ұлттық ойындар тамашаланған. Ескерткіштің «Ишанбазар мешіті» аталуының себебі осында. Кейінірек «Аққойлы медресесі» аталған.