Мұнда мектептер мен ФАП-тардың басым бөлігі жаңадан салынып, өзекті мәселелер шешімін тапқан. Тұрғындар негізінен газ алып келуді аудан басшысынан өтінді.
Мақтаарал ауданының әкімі Бақыт Асанов елді мекендердегі өзекті мәселелермен танысу үшін Ж.Нұрлыбаев және Жаңажол ауылдық округтерінде болды, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.
Аудан басшысы Ж.Нұрлыбаев ауылдық округіне қарасты 6 елді мекенді аралап көріп, мемлекеттік мекемелердің жағдайымен танысты. Сондай-ақ, кәсіпкерлік нысандардың иелерімен кездесті.
Ж.Нұрлыбаев ауылдық округінің тұрғындары негізінен ауылшаруашылық саласымен айналысады. Атап айтқанда, мақта, бақша өнімдерін өндіріп, мал шаруашылығын дамытуда. Округте 6435,7 гектар жер бар болса, оның 4 мыңнан астам гектары мақта, 1432,8 гектары бақша, 396,2 гектары жүгері, 9 гектары жоңышқа. Осының бәріне 632 шаруа қожалығы иелік етеді.
Округте кәсіпкерлік саласы жақсы дамыған. Орта және шағын кәсіпкерлікпен 150-ге жуық азамат айналысады. Аумақта 5 мектеп, 5 балабақша, 1 аурухана, 1 амбулатория, 5 ФАП, 2 почта, 1 мәдениет үйі, 6 стадион, 1 спорт залы, 2 базар халыққа қызмет етеді. Мұнда мектептер мен ФАП-тардың басым бөлігі жаңадан салынып, өзекті мәселелер шешімін тапқан. Тұрғындар негізінен газ алып келуді аудан басшысынан өтінді.
Мұнан соң аудан әкімі Б.Асанов Жаңажол ауылдық округіне аялдады. Округке қарасты 8 елді мекеннің әлеуметтік-экономикалық жағдайымен танысу үшін тұрғындармен кездесті. Жаңажолдықтар да негізінен ауылшарушаылығы, оның ішінде егін шаруашылығымен айналысады. 881 шаруа қожалық 7141 гектар егістікті және 1100 гектар жайылым жерлерді игеріп отыр.
Жаңажол ауылдық округінде 6 мектеп, 9 балабақша, 2 СВА, 4 ФАП, 1 клуб, 2 кітапхана, 1 почта бөлімшесі, 12 сауда нүктесі, 1 жанар жағар май құю бекеті, 1 мақта жүн түту цехы, 1 диірмен халыққа қызмет етуде. Аумақта негізінен тік дренаждар мәселесі өте өзекті болып тұр. Сондай-ақ, ФАП-тарды жаңадан салу мәселесін де тұрғындар көтерді.
Келесі жылы окруктегі 3 елді мекенге жаңадан мектеп салынатынын аудан әкімі хабарлады. Сондай-ақ, 2 елді мекеннің ауыз су жүйелері жаңаратынын атап өтті. Ал, көшелерді асфальттеу мәселесі кезең кезеңімен шешілетінін және 2 елдімекенге ФАП салу үшін облыстық денсаулық сақтау басқармасы мен құрылыс басқармаларына ұсыныс жасайтынын айтты.