Мақтарал ауданында ауыл әкімі жастармен кездесті

0
1 483

Өзекті мәселелер талқыланған ауылдық округ әкімінің бастамасымен өткен бұл кездесу барысында жастарға қатысты өзекті тақырыптарда еркін пікірлер мен ұсыныстар айтылды.


Мақтарал ауданында ауыл әкімі жастармен кездесті

Түркістан облысы, Мақтарал ауданы, Жаңажол ауылдық округінің әкімі округ жастарымен кездесті, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Ағымдағы жылдың желтоқсан айында Түркістан облысының "Жастар ресурстық орталығы" КММ - нің бастамасымен Түркістан облысы, Мақтарал ауданы, Жаңажол ауылдық округі әкімі округ жастармен кездесті. Жастармен өткен кездесуге жергілікті округке қарасты мектептерден өзін өзі басқару орталықтары, оқу озаттары, аудан, облыс, республика көлемінде танымал жастар, талантты жастар және жұмыссыз жастар түгелдей дерлік қатысты. Сонымен қатар, маригиналды жастар мен ата-аналар комитетінің төрағалары және ауыл ақсақалдары да бұл кездесуден қалыс қалған жоқ.

Өзекті мәселелер талқыланған ауылдық округ әкімінің бастамасымен өткен бұл кездесу барысында жастарға қатысты өзекті тақырыптарда еркін пікірлер мен ұсыныстар айтылды.

Сондай-ақ, Жаңажол ауылдық округінің әкімі ауыл жастарына үгіт-насихат жұмыстарын жүргізе отыра, қоғамдық мәселелер барысында белсенді әрекет етуге шақырды.