Медиаорталық Түркістандағы құрылысы аяқталған алғашқы нысандардың бірі болады

0
976

Жобаның жалпы құны - 4,8 млрд теңгені құрайды.


Медиаорталық Түркістандағы құрылысы аяқталған алғашқы нысандардың бірі болады

Түркістан облысына іссапармен келген Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев Түркістан қаласындағы медиаорталықтың құрылыс барысымен танысты, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл - Алматының еліміздің рухани астанасына жасаған сыйлығы. Айта кетерлігі, ол қаланың жаңа әкімшілік- іскерлік орталығындағы құрылысы аяқталған алғашқы нысандардың біріне айналмақ. Медиаорталық астаналық «Қазмедиа орталығы» ТРК-дан кейін жаңадан салынған екінші нысан болып табылады.

Қазіргі кезде Қазақстанның қалған барлық медиаорталықтары жабдықталған ғимараттарда орналасқан. Медиаорталық ғимараты шынымен толық әрленген. Оның жалпы көлемі - 3000 шаршы метрден астам. Мұнда облыстың барлық телеарналарының, газет пен радионың редакциялары орналасады. Өңірге түркітілдес елдердің ірі БАҚ өкілдерін шақыру жоспарланған.

Жобаның жалпы құны - 4,8 млрд теңге. Оның үстіне, тек құрал-жабдықтар құнының өзі 2 млрд. теңгені құрайды.

Құрылыс-монтаж жұмыстары 2019 жылдың ақпан айында басталған еді. Құрылыстың аяқталуы - 2019 жылдың қазан айы. Барлық қажетті жабдықтарды толығымен орналастыру шешуші кезең болып табылады.