«МЕКТЕПКЕ ЖОЛ»: Ордабасыда жәрмеңке ұйымдастырылды

0
386

Балалардың мектепке қажетті киім-кешектері мен оқу құралдары жеңілдетілген бағада нарыққа ұсынды.


«МЕКТЕПКЕ ЖОЛ»: Ордабасыда жәрмеңке ұйымдастырылды

Ордабасыда «Мектепке жол» акциясы аясында жәрмеңке ұйымдастырылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Ордабасы ауданындағы «Самұрық» аллеясында аудан әкімдігінің ұйымдастыруымен республикалық «Мектепке жол» акциясы аясында жәрмеңке өтті.


Жәрмеңкеге Шымкент қалалық «Автонұр» сауда орталығының 80- ге жуық кәсіпкерлері қатысып, балалардың мектепке қажетті киім-кешектері мен оқу құралдары жеңілдетілген бағада нарыққа ұсынды.


Аудан әкімі Азат Оралбаев 1 тамыздан бастау алған игі іс-шараның маңыздылығына тоқталып, кәсіпкерлерге өз алғысын жеткізді.


Айта кетейік, аталған акция аясында Ордабасы ауданы бойынша әлеуметтік аз қамтылған және толық емес отбасыдан шыққан 3 223 бала, құны 43 407 теңгені құрайтын әлеуметтік қолдауға ие болды.