Сауда орталықтары мен базар бағасынан едәуір арзан бағада саудалануда.
Түлкібаста «Мектепке жол» акциясы аясында жәрмеңке ұйымдастырылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Түлкібас ауданы орталығындағы «Менің Түлкібасым» аллеясында аудан әкімдігінің ұйымдастыруымен «Мектепке жол» акциясы шеңберінде көтерме бағада мектепке қажетті заттардың жәрмеңкесі өтіп жатыр.
Жәрмеңкеге Шымкент қаласындағы «Автонұр» базарының саудагерлері өз тауарларын тұтынушыларға ұсынуда.
Онда жейделер (көйлек) 2 мың теңгеден, спорттық аяқ киім мен туфлилер 2-5 мың теңгенің арасында, 12 парақтық дәптерлер 10 теңге, сумкалар 3-5 мың теңгеден және т.б. мектепке қажетті киім-кешек пен құрал-саймандар сауда орталықтары мен базар бағасынан едәуір арзан бағада саудалануда.