ОҚО: 85 жастағы қарт ана ұлын пышақтап өлтірді

0
1 841

​85 жастағы қарт кісі араққа сылқия тойған ұлынан қорғану үшін оны пышақтап өлтірді. Қайғылы жағдай Оңтүстік Қазақстан облысына қарасты Сайрам ауданындағы Ақсукент ауылындағы жеке тұрғын үйлердін бірінде болған, деп хабарлайды otyrar.kz.


ОҚО: 85 жастағы қарт ана ұлын пышақтап өлтірді

85 жастағы қарт кісі араққа сылқия тойған ұлынан қорғану үшін оны пышақтап өлтірді. Қайғылы жағдай Оңтүстік Қазақстан облысына қарасты Сайрам ауданындағы Ақсукент ауылындағы жеке тұрғын үйлердін бірінде болған, деп хабарлайды otyrar.kz.

Сұмдық жағдай он бесінші наурыз күні орын алған. Дәл осы күні полицейлер қарт ананың үйіне шақыртумен барып, 55 жастағы ұлына ескерту жасайды. Тәртіп сақшылары кетіп қалған соң, азамат көшеге шығып шайтан суға тойып келеді.

Мас халде болған азамат әдетіне салып, анасын ұрып соғады. Қорғанбақ болған 85 жастағы қарт кісі оған қолына түскен пышақпен үш рет соққы жасаған.

Қарт ананың көршісі: «Тәртіп сақшыларын қарияның өзі шақыртқан. Көршімізге обал болды қартайған шағында қылмыскер атанып. Жақсы әжей өзі. Бірақ байғұс перзентерінен ешқандай жақсылық көрмеді».

Жергілікті полиция қызметі болған жағдайды растады. Әжей бір күн қамауда болған соң, үйіне қайтарылған. Қазіргі таңда үй қамақта отыр.