ОҚО-да білім саласындағы сыбайластықты болдырмаудың жолдары талқыланды

0
1 343

Бүгін Оңтүстік Қазақстан облысында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің ОҚО бойынша департаменті мен білім басқармасының ұйымдастыруымен білім саласына қатысты отырыс өтті. Жиынның мақсаты – білім саласындағы сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету, сондай-ақ электронды мемлекеттік қызметтерді насихаттау болды.

Облыс әкімінің орынбасары Ұ.Сәдібеков, Ұлттық бюро, білім беру ұйымдарының басшылары, заң органдарының, кәсіподақ және халыққа қызмет көрсету орталығының өкілдері, бейнеконференцбайланыс арқылы аудан, қала әкімдері, олардың салаға жауапты орынбасарлары, аудандық, қалалық білім бөлімдерінің басшылары, колледж, мектеп директорлары қатысты. Жиын барысында қатысушылар мектептердегі заңсыз ақша жинау, сондай-ақ жұмысқа орналасу үшін пара беру мәселелері жиі орын алатынын сөз етті. Өз кезегінде Ұ.Сәдібеков сыбайластыққа жол берген азаматтар жазасыз қалмайтынын жеткізді.

«Аудандық білім бөлімі немесе әдістемелік кабинет мектептерден түрліқажеті де, қажетсіз мәлімет пен есеп алдыртады. Сол берілетін мәліметтің сапасы төмен болса, мектеп мұғалімін қайта сандалту басталады. Мұның соңы пара ұсыну жағдайына дейін алып барады. Міне, осы мәселені жауапты азаматтарға қолға алуды тапсырамын», – деді Ұласбек Сәдібекұлы.

Жиында пара алу кезінде ұсталған мектеп директорларына қатысты бейне түсірілімдер көрсетілді. Ондағы мәлімет бойынша 2017 жылы облысымыздың білім саласында сыбайлас жемқорлыққа қатысты 19 іс тіркелген. Ал, 2016 жылы 7 оқиға орын алыпты.

Сондай-ақ, жиында білім саласындағы сыбайлас жемқорлықты болдырмау, қызмет сапасын жақсарту мақсатында енгізілген цирландыру жүйесінің артықшылықтары кеңінен сөз болды. Айталық, облыста оқушыларды бірінші сыныпқа қабылдау және мұғалімдерді жұмысқа тұрғызу процестері толығымен электронды форматқа өткізілген. Республикада алғаш рет қолға алынған жоба өзінің оң нәтижесін беріп келеді. Сонымен қатар қызмет беруші мен қызмет алушылардың арасындағы тікелей байланысты азайту үшін халыққа мемлекеттік қызметтерді электронды порталы арқылы алу тәсілдерін үйрету мәселелері талқыланды.

Айта кетейік, бүгінде азаматтармен тиімді кері байланыс орнату мақсатында www.memkyzmet.kzсайтында арнайы «Білім» айдары мен +7 775 869 21 21 нөмірі бойынша WhatsApp желісі жұмыс істеуде.