Оңтүстік Қазақстан облысы, Ордабасы ауданының полицейлері қарақшылық шабуыл жасап, үй тонаған күдіктіні ұстады,-деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі ОҚО ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оңтүстік Қазақстан облысы, Ордабасы ауданының полицейлері қарақшылық шабуыл жасап, үй тонаған күдіктіні ұстады,-деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі ОҚО ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға ағымдағы жылдың ақпан айының басында орын алған. Ордабасы аудандың ІІБ-нің кезекші бөліміне жергілікті жердің 48 жастағы тұрғыны арызданған келеді. Тұрғын өз шағымында үйіне белгісіз тұлғалардың баса-көктеп кіріп, қарақшылық шабуыл жасағанын көрсеткен.
Оқиға орнына келіп жеткен полицейлер белгісіз тұлғалардың тұрғын үйге баса көктеп кіріп, үйдің ішінде болған кәмелет жасқа толмаған 6 және 12 жас шамасындағы балалардың аяқ-қолдарын матамен байлап, мойнынан қылқындырып талдырып, алтын бұйымдарын алып кеткендігін анықтады. Жәбірленушіге келтірілген жалпы шығын көлемі жарты миллион теңгені құрап отыр.
Құқық қорғау органы қызметкерлерінің жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде қарақшылық шабуыл және тонау фактісіне қатысы бар деген күдікпен жергілікті жердің 20-25 жас шамасындағы тұрғыны ұсталды. Аталған жайт негізінде қарақшылық жайты бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру бірыңғай тізіліміне тіркелді. Бірнеше сараптамалар тағайындалды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр.