ОҚО-ДА ҚОҚЫСТЫ СҰРЫПТАЙТЫН ЗАУЫТТАР ҚАРҚЫНДЫ ЖҰМЫС ІСТЕУДЕ

0
2 207

Шымкент қаласында жинақталатын қоқыс қалдықтары Ақтас-1 елді мекені аумағында орналасқан тұрмыстық қалдықтар полигонына тасымалданып отыр. Бүгін бұл туралы ОҚО өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Ильяс Құрамысов мәлім етті, деп хабарлайды ОҚО әкімінің баспасөз қызметі


ОҚО-ДА ҚОҚЫСТЫ СҰРЫПТАЙТЫН ЗАУЫТТАР ҚАРҚЫНДЫ ЖҰМЫС ІСТЕУДЕ

Шымкент қаласында жинақталатын қоқыс қалдықтары Ақтас-1 елді мекені аумағында орналасқан тұрмыстық қалдықтар полигонына тасымалданып отыр. Бүгін бұл туралы ОҚО өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Ильяс Құрамысов мәлім етті, деп хабарлайды деп хабарлайды ОҚО әкімінің баспасөз қызметі.

Полигон жанынан жылдық қуаттылығы 200 мың тоннаны құрайтын қоқыс сұрыптау зауытын «Цеснабанк» пен «Технология-21» инвесторлары 2017 жылдың күзінде іске қосып, жұмыстарын бастаған болатын. Өткен жылы сұрыпталып кәдеге жаратуға бағытталған қалдықтардың көлемі Шымкент қаласы бойынша 9 пайызды құраған.

Бұдан бөлек, атмосфералық ауаға ластағыш заттардың шығарындыларын азайту мақсатында Шымкент қаласы әкімдігімен және көлік тасымалдаушылар арасында қоғамдық транспорттарды газ отынына ауыстыру бойынша меморандум түзілген болатын.

«Меморандум негізінде ауадағы зиянды заттарды азайту үшін қала бойынша бірнеше автогаз станциялары пайдалануға берілді. Мәселен, 2015-2017 жылдары аралығында газ отынымен жүретін 300 жаңа автобус сатып алынған болатын. 2020 жылға қарай 2724 автобустың 1000 данасын, яғни 36,5 пайызын газға ауыстыру жоспарланып отыр», - деді Ильяс Шойбекұлы.

Басқарма басшысының айтуынша, былтыр облыста 500 мыңнан астам автокөлік тіркелген. Оның ішінде бензинмен – 450 мың, дизель отынымен – 53 мың, сығымдалған газ отынымен – 4 мыңнан астам автокөлік бар. Шымкент қаласы бойынша 1700-ге жуық қоғамдық көлік қызмет көрсетеді, оның 533-і газ отынымен жүруге жабдықталған.

Бұдан бөлек, жеке және заңды тұлғалар қоршаған ортаға эмиссиялар үшін экологиялық заңнамаға сәйкес төлемдер жүргізеді. Бұл орайда облыс бюджетіне түскен түсім 1 млрд. 342 млн. теңгені құрады.

Сонымен қатар, жер қойнауын пайдалану бойынша бүгінгі таңда басқармамен 166 келісім шарт тіркелген. 2017 жылы келісім шартта көрсетілген міндеттерін орындамағаны үшін 12-сі біржақты шешіммен мерзімінен бұрын бұзылды. Өткен жылы басқарманың бастамасымен заңсыз жер қойнауын пайдалануды тоқтату мақсатында 18 дерек анықталып, барлық құжаттар құзырлы мемлекеттік органдарға шара көру үшін жолданған.