Облыстан іріктеліп шыққан үш өнерпаз алдағы уақытта «QAZAQSTAN» телеарнасындағы «MEN QAZAQPYN» жобасында 3 миллионға жуық Оңтүстік өңірінің намысын қорғайтын болады.
Оңтүстікте 17-29 мамыр күндері аудан, қалаларда бастау алған «MEN QAZAQPYN» мега-жобасының облыстық іріктеу кезеңі аяқталды. Ш.Қалдаяқов атындағыфилармониядаөткен дүбірлі додадаәр ауданнан үздік шыққан 73 өнерпаз қатысты, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Үміткерлерге Мархабат Байғұт, «Ońtústik» телеарнасының директоры Бауыржан Бердімұратов, күйші-композитор Нұрсат Бейсеқожаев, әнші-термеші Жақып Спатаев сынды танымал өнер тарландары төрелік жасады. Әділқазы мүшелері өнерпаздардың кәсібилігіне, біліктілігіне, жүріс-тұрысы мен киім үлгісіне де аса мән берді.
Байқау қорытындысы бойынша Оңтүстіктен мыңнан тұлпар, жүзден жүйрік болып үш өнерпаз іріктеліп, халықаралық мега-жобада өңірдің намысын қорғайтын болды. Олардың қатарында созақтық Оразәлі Жаңабаев дәстүрлі ән өнері бойынша өзгелерден оза шапса, терме жанры бойынша отырарлық Руслан Ахимбековтың бабы мен бағы қатар шапты. Ал Мақтарал ауданының тумасы Шыңғыс Исаев күй жанры бойынша өнерсүйер қауымның қошеметіне бөленді.