ОҚО-да полиция қызметкері 3 жылға бас бостандығынан айырылды

0
1 106

Сарыағаш ауданында учаскелік полицей алаяқтық қылмысы үшін сотталды. Аудандық сот ішкі істер органының бұрынғы қызметкерін үш жылға бас бостандығынан айырды.


ОҚО-да полиция қызметкері  3 жылға бас бостандығынан айырылды

Сарыағаш ауданында учаскелік полицей алаяқтық қылмысы үшін сотталды. Аудандық сот ішкі істер органының бұрынғы қызметкерін үш жылға бас бостандығынан айырды. Облыстық соттың баспасөз қызметі хабарлағандай, Сарыағаш аудандық ішкі істер басқармасының жергілікті полиция қызметкері өткен жылдың қыркүйек айында қылмыстық жауапқа тартылған тұрғынға көмектесуге уәде еткен. Істің сотқа өтіп кеткенін біле тұра, жазадан құтылуға көмектеспек болып, туыстарынан 20 мың теңге алмақ болған. Учаскелік полицей ақшаны алып жатқанда ұсталған еді. Тәртіп сақшысының үстінен Қылмыстық кодексінің 24 бабы «Қылмысқа дайындалу және қылмысқа оқталу» және 190 бабы 3 бөлігінің 2 тармағы «Алаяқтық» бойынша қылмыстық іс қозғалып, кінәсі тергеуде толықтай дәлелденді. Сарыағаш аудандық соты учаскелік полицейге үш жылға үкім кесіп, оны аға лейтенант шенінен айырды. Және дүние мүлкін тәркілеу туралы үкім шығарды. Сондай-ақ, оған құқық қорғау органдарында қызметпен айналысуға мүлдем тыйым салынды.