ОҚО-да үш су қоймасы салынады

0
4 048

​ERNUR.KZ. ОҚО аумағында республикалық бюджеттен су жинақтау көлемі 340,5 текше метрлік 3 нысанның құрылысы жүргізіледі. Бұл туралы Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев селекторлық режимде өткен Үкімет отырысында айтты.


ОҚО-да үш су қоймасы салынады

ERNUR.KZ. ОҚО аумағында республикалық бюджеттен су жинақтау көлемі 340,5 текше метрлік 3 нысанның құрылысы жүргізіледі. Бұл туралы Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев селекторлық режимде өткен Үкімет отырысында айтты.

Нәтижесінде жаңадан 9000 гектар суармалы жер айналымға қосылатын болады. 23 нысан облыстық бюджет есебінен салынып, жаңадан 8440 гектар суармалы егістік қолданысқа енгізілмек.

Сырдария өзені бойында орналасқан Шардара су қоймасының сыйымдылығы 5,2 млрд текше метрді құрайды. Бүгінгі таңда мұнда секундына мың текше метр су келіп, жиналған су көлемі 3 млрд. 185 мың текше метрге жеткен. Су қоймаға жиналған су көлемі өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 1 млрд. 036 млн текше метрге аз. Сондай-ақ, қазіргі таңда Көксарай су қоймасында 1 млрд. 739 мың текше метр су жиналды.