​ОҚО-да жұбайы мен оның анасын пышақтап өлтірген азамат қамауға алынды

0
1 634

ERNUR.KZ. Оңтүстік Қазақстан облысының полицейлері екі бірдей кісі өліміне қатысы бар деген күдікпен жергілікті жердің тұрғынын қолға түсірді.

Естеріңізге сала кетейік, қанды оқиға ақпан айының 23-і күні Ордабасы ауданына қарасты Шұбарсу ауылдық округінде орын алған. Сол күні Ордабасы аудандық полиция бөліміне Шұбарсу ауылдық жедел жәрдем қызметінен егде жастағы әйел азаматының дене жарақатын алғаны туралы хабарлама келіп түскен. Оқиға орнына келіп жеткен полицейлер екі адамның мәйітін анықтап, олар 52 және 23 жастағы екі әйел азаматтары екені белгілі болды. Күдікті өзінің 23 жастағы жұбайына және өзімен бірге тұратын 52 жастағы анасына қастандық жасаған. Оңтүстік Қазақстан облыстық Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, аталған қылмыстық оқиға адам өлтіру жайты бойынша құзырлы органға тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Бірнеше сараптамалар тағайындалды. Қазіргі таңда тәртіп сақшылары күдікті ретінде 1990 жылы туылған азаматты ұстады. Ол Өзбекстан Республикасынан көшіп келген. Күдікті қамауға алынды.