Астана қаласының «Арнайы күзет қызметі басқармасының» өкілдері оңтүстікқазақстандықтарға жұмыс ұсынып отыр, - деп хабарлайды otyrar.kz.
фото: astana.gov.kz
Астана қаласының «Арнайы күзет қызметі басқармасының» өкілдері оңтүстікқазақстандықтарға жұмыс ұсынып отыр, - деп хабарлайды otyrar.kz.
ІІМ қарасты құрылым маңызды мемлекеттік нысандарды қорғайды. Қызмет шарттарын түсіндіруге Шымкентке ІІМ орталық аппаратының қызметкерлер арнайы келіпті. Оңтүстік Қазақстан облысы тағыз қоныстанған өңір болғандықтан, Астанада қызмет етуді қалайтындар көп боларына сенімді.
Маңызды мемлекеттік нысандарды қорғауға 18 бен 35 жас аралығындағы Қазақстан азаматтары алынады. Үміткердің бойы 170 сантиметрден кем болмауы және орта-арнаулы немесе жоғары білімі болуы шарт. Одан бөлек, мекеменің ерекшелігіне байланысты күзет қызметін қалаушыларға полиция қызметіне алынатындармен бірдей талап қойылады. Барлық сыннан өтіп, қызметке қабылданғандарға тұрақты жалақы тағайындалып, әлеуметтік тұрғыдан қамтамасыз етіледі.