Күдікті бұрын екі рет сотталған және Лудоманиямен ауырады.
Түркістан облысында ер адам бұрынғы әйелін ұрлап кеткен, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
19 наурыз күні Сайрам ауданында 102 сымтетігіне отбасылық жанжал бойынша қоңырау түскен. Полиция департаментінің ақпаратына сүйенсек, қоңырау шалған тұрғынның қызымен 2021 жылы ажырасып кеткен күйеубаласы жанжалдасып, ер адам пышақпен қызын қорқытып, кепілге алған. Сондай-ақ, «Шевролет» автокөлігімен Батыс Қытай-Батыс Еуропа трассасыарқылы өзінің тұрғылықты жері – Қызылорда облысына қарай бағыт алған. Бұрынғы әйелін «өлтіремін» деп қорқытыпты.
«Күдіктінің талабы оны қудаламау мен жауапқа тартпау болды. Кепілге алынған адамды босату мақсатында тез арада жедел штаб құрып, «Арлан» арнайы жасақ күшімен Шымкент қаласындағы «Асар» ықшам ауданының маңында күдікті құрықталып, жәбірленуші босатылды. Қылмыс кезінде жәбірленуші мойын тұсынан жеңіл дене жарақатын алып, ауруханаға жеткізілді. Онда оған медициналық және психологиялық көмек көрсетілді. Күдікті қамауға алынды», - деп мәлімдеді Түркістан облысы полиция департаменті.
Ресми ақпаратқан сүйенсек, күдікті мен жәбірленуші бұрын некеде болған. 2021 жылы жырасқан. 3 балалары бар. Күдікті бұрын екі рет сотталған және лудоманиямен ауырады.