Оңтүстік Қазақстан облысында колледж студенттері бірін-бірі пышақтады

0
1 401

Қазір пышақ жарақатынан зардап шеккен екі оқушы Темірлан ауылындағы ауруханада ем қабылдауда. Оларға ота жасалып, бірінің көкбауырын алып тастаған.


Оңтүстік Қазақстан облысында колледж студенттері бірін-бірі пышақтады

Ал, жарақат алған 17 жастағы екі жасөспірім аурухананың жансақтау бөліміне түскен,-деп хабарлайды ҚазАқпарат

Оқыс оқиға Ордабасы ауданына қарасты Бірлік ауылында болған. Тұрғындардың айтуынша, төбелес елді мекен орталығында Наурыз мерекесі тойланып жатқанда орын алған. Көрші Жамбыл ауылының жігіттері үш көлікпен келіп, қатарластарына тиіскен көрінеді. Ерегістің арты төбелеске ұласып, тіпті пышақтасуға дейін барған. Күдіктілердің бірі алтыбақан теуіп тұрған Жүзжан Нұрәлі есімді жігіттің бір бүйіріне пышақ сұғып, қашып кетіпті. Қазір пышақ жарақатынан зардап шеккен екі оқушы Темірлан ауылындағы ауруханада ем қабылдауда. Оларға ота жасалып, бірінің көкбауырын алып тастаған. Дәрігерлер зардап шегушілердің жағдайы бір қалыпты деп отыр. Ал, өңірдің ішкі істер департаменті бұл оқиға бойынша тергеу шаралары жүргізіліп жатқанын растады. Ресми деректер бойынша осы қылмысқа қатысы бар деген күдікпен бір жасөспірім қамауға алынған. Тергеуге қатысты қалған ақпараттар қосымша хабарланады дейді полицейлер.