Байқаудың басты мақсаты — қазақ xалқының төл өнері, соның ішінде жыр-термелер мен күйлерді бүгінгі заман талабына сай жаңартып, өскелең ұрпаққа жеткізу.
ERNUR.KZ. Дәстүрлі ән мен күй, терме сынды өнерімізді ұлықтайтын «QAZAQSTAN» ұлттық телеарнасының «Men Qazaqpyn» телевизиялық мега жобасы биыл да жалғасын табады. Оңтүстіктен іріктеліп шыққан үш өнерпаз республикалық деңгейде өңір намысын қорғайтын болады.Бүгін бұл туралы ОҚО өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте «Ontustik» телеарнасының директоры Бауыржан Бердімұратов мәлімдеді.
Оның айтуынша, байқаудың басты мақсаты — қазақ xалқының төл өнері, соның ішінде жыр-термелер мен күйлерді бүгінгі заман талабына сай жаңартып, өскелең ұрпаққа жеткізу.
Сондай-ақ, баспасөз мәслихатына қатысқан жазушы Мархабат Байғұт аталған жобаның маңыздылығына тоқталды.
«Ұлттық кодымыз бен тамырымызды танытатын «Men Qazaqpyn» сынды жобаның жалғасын тауып жатқандығына қуаныштымын. Ұлтымыздың тарихы мен дүниетанымының бір бөлшегі осы әніміз мен күйімізде, термеде жатыр. Жас ұрпақтың осы ұлттық өнерге әуестігі рухани құндылығын сақтағандығы. Бұл тұрғыда ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Д. Абаев, "Qazaqstan" РТРК" АҚ Басқарма төрағасы Е.Қарин сынды азаматтарға алғыс білдіремін», - деді Мархабат Байғұт.
Облыстық Мәдениет басқармасының бөлім басшысы Ғалия Аликенқызының айтуынша, арнайы топ облыстағы әрбір ауданды аралап, жобаға қатысушыларды іріктейді.
«Байқауға қатысушылардың жас ерекшелігі - 18 бен 40 жас аралығы. Сондай-ақ, саxнаға шығатын өнерпаздардың киімі қазақы үлгіде әрі бүгінгі заман талабына сай болуы тиіс.Алғашқы іріктеу сайысы мамыр айының 17-сі күні Созақ пен Бәйдібек аудандарында басталады. 5 маусым күні облыстық деңгейде өткізіліп, аймақтан ән, күй, терме жанрлары бойынша 3 жеңімпаз тамыз айында республикалық жарысқа аттанады», - деді Ғалия Аликенқызы.
«Men Qazaqpyn» жобасының республикалық айналымында жеңіске жеткен жеңімпаздар "Жылдың ең үздік дәстүрлі әншісі", "Жылдың ең үздік термешісі" және "Жылдың ең үздік күйшісі" аталымдары бойынша марапатталатын болады.
дереккөз: ОҚО әкімінің баспасөз қызметі