ОҚО кәмелетке толмағандар арасындағы суицид бойынша сегізінші орында

0
2 442

Жасөспірімдер арасында ведомствоаралық аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алу бойынша «Тәуекел топтағы» кәмелетке толмағандарға көмек көрсету алгоритмі жасалды.


ОҚО кәмелетке толмағандар арасындағы суицид бойынша сегізінші орында

ОҚО-да «Жасөспірімдер арасында аутодеструктивті мінез құлықты алдын алу» «Жол картасы» жобасын талқыға салған отырыс өтті. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының ұйымдастыруымен өткен бас қосуда «Суицидтердің алдын алу жөніндегі жобаны кезең-кезеңімен енгізу» тақырыбында облыстық мамандар білімін жетілдіру мәселесі қаралды,деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Қазақстан Республикасының Премьер - Министрінің бұйрығына сәйкес, Оңтүстік Қазақстан облысында жасөспірімдер арасында «суицидтердің алдын алу жөніндегі жобаны» кезең-кезеңімен енгізу мақсатында ОҚО денсаулық сақтау басқармасының «Ана мен бала денсаулығын қорғау» бөлімінің ұйымдастыруы бойынша «Жол картасы» енгізілді. Бүгінде аталмыш бағдарлама еліміздің 15 облысында жүзеге асырыла бастады. Білімін жетілдіру жұмыстары жергілікті бюджет қазынасының есебінен жүргізіледі.

Оңтүстік Қазақстан Облысы бойынша 2018-2020 жылдарға арналған кәмелеттік жасқа толмағандар арасында суицидтердің алдын алу жөніндегі іс қимылдың ведомствоаралық жоспары Оңтүстік Қазақстан Облысының денсаулық басқармасы, Оңтүстік Қазақстан Облысының отбасы, балалар және жастар істері жөніндегі басқармасы және Оңтүстік Қазақстан Облысының білім басқарамалары келісіліп, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары мен бекіту жоспарлануда. Жасөспірімдер арасында ведомствоаралық аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алу бойынша «Тәуекел топтағы» кәмелетке толмағандарға көмек көрсету алгоритмі жасалды. Еліміздің Бас прокуратурасының мәліметіне сүйенсек, ОҚО кәмелеттік жасқа толмағандар арасында суицидтің орын алуы бойынша сегізінші орында. Алдыңғы қатарда Ақмола, БҚО және Ақтөбе облыстары тұр. Ең соңғы қатарда Қызылорда облысы орын алған. ОҚО мамандары жақында ғана осы өңірге арнайы барып, тәжірибе алмасып қайтты. Алдын – ал мәлімет бойынша, ОҚО - ның 15 – 17 жас аралығындағы жасөспірімдер арасында суицид көрсеткіші – 100 мың халыққа шаққанда 15,02. Бұл көрсеткіш алдынғы жылмен салыстырғанда азайған.