ОҚО: Мал ұрлауды кәсіп еткен қылмыстық топтың әрекеті әшкереленді

0
1 085

Олар ұрланған малды сатып, ақшаны өз қажетіне жұмсап отырған. Жәбірленушілерге келтірілген жалпы шығын 3 миллион теңгеден астам соманы құрады.


ОҚО: Мал ұрлауды кәсіп еткен қылмыстық топтың әрекеті әшкереленді

ERNUR.KZ. Наурыз айында Созақ АІІБ кезекші бөліміне жәбірленушілердің бірі 200 мың теңгеден астам сомада бағаланатын 5 қойын жеке қонысынан белгісіз біреулер ұрлап кеткендігі туралы арызданды.

Жедел-іздестіру шаралары барысында Созақ АІІБ полицейлері өз ісін мойындаған екі күдіктіні ұстады. Тергеу барысында күдіктілердің 30-дан аса үй жануарларын ұрлау жайттарына қатысы бары анықталды.

Олар ұрланған малды сатып, ақшаны өз қажетіне жұмсап отырған. Жәбірленушілерге келтірілген жалпы шығын 3 миллион теңгеден астам соманы құрады.

Қазіргі таңда бұл жайттар бойынша «ұрлық» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдіктілер қамауға алынды. Тергеу жүргізілуде.