Шымкент қаласының полиция қызметкерлері көлік ұрлады деген күдікпен 25 жас шамасындағы жігітті ұстады, -деп хабарлайды ERNUR.KZ ОҚО ІІД Мемлекеттік тіл және ақпарат басқармасына сілтеме жасап.
Шымкент қаласының полиция қызметкерлері көлік ұрлады деген күдікпен 25 жас шамасындағы жігітті ұстады, -деп хабарлайды ERNUR.KZ ОҚО ІІД Мемлекеттік тіл және ақпарат басқармасына сілтеме жасап.
ҚІІБ Әл-Фараби ПБ-нің кезекші бөліміне жергілікті тұрғын арызданған, онда белгісіз тұлға жасырын түрде «Опель Вектра» автокөлігін (суретте) ұрлап кеткенін көрсеткен.
Жүргізген жедел-іздестіру іс-шарасы барысында Шымкент қаласының 1993 жылы туылған тұрғыны анықталып, ұсталды. Тергеу амалдарын жүргізу барысында күдікті ұрланған автокөлікпен бағанаға соқтығысып, жол-көлік оқиғасын жасап, белгісіз бағытқа бой тасалағаны анықталды. Күдікті қамауда. Бұрын екі рет сотты болған.
Қазіргі таңда полиция қызметкерлері күдіктінің бұдан басқа да 8 автокөлік ұрлауға қатысы бар екенін анықтады. Аталған жайт негізінде бөтеннің мүлкін ұрлау бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілуде. Шымкент қаласының тәртіп сақшылары автокөлік иелеріне көлікті ашық қалдырмауға кеңес береді. Мүмкіндігінше өз автокөлігіңізге дабыл жүйесін және күзетпен қамтамасыз етілген автотұраққа қойыңыз.
Егер де Сіз, бөтеннің мүлкін ұрлау жайтының жәбірленушісі немесе куәгері болсаңыз, полицияға «102» нөміріне дереу хабар беріңіз.