ПРАЙМЕРИЗ: Түркістан облысында 209 дауыс беру орны ашылды

0
1 067

Дауыс беру орындарында карантин талаптары сақталған.


ПРАЙМЕРИЗ: Түркістан облысында 209 дауыс беру орны ашылды

Түркістан облысында «Nur Otan» партиясы праймеризі дауыс беру кезеңінің үшінші күні өтіп жатыр. Бүгін таңғы 8.00-ден бастап өңірдің 16 аудан, қаласында 209 арнайы дауыс беру орындары жұмысын бастады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл орындардың 170-інде онлайн режимде, ал 39 орында қағаз бюллетень арқылы дауыс беріледі. Онлаин дауыс берілген 2 күннің ішінде Түркістан облысы бойынша жалпы 78262 партия мүшесінің 58211-і (3 қазан, 9.50-дегі мәлімет) өз таңдауларын жасап үлгерді. Қазіргі таңда арнайы әзірленген 209 орында дауыс беру жалғасуда.
Түркістан жұртшылығы таңғы 8.00-ден бастап учаскелерге келіп, белсенділігін танытып жатыр. Олардың арасында сан түрлі саланың өкілдері бар.
Дауыс беруге қатысатын 78262 партия мүшесінің 68183-і (87,1%) онлайн, 10079-ы (12,3%) қағаз бюллетенмен дауыс береді. Онлайн дауыс беру орындары 600-ге жуық компьютермен қамтамасыз етілді. Жалпы өңірде праймеризге деген қызығушылық өте жоғары.
Дауыс беру орындарында карантин талаптары сақталған. Ұйымдастыру және санақ комитеттері жұмыс жүргізіп жатыр.