Рашид Аюпов тікелей эфирде тұрғындармен жүздесті

0
866

Шаһар басшысы тұрғындар тарапынан қойылған сауалдарға жауап беріп, алдағы уақытта жиі тілдесіп отыратынын жеткізді.


Рашид Аюпов тікелей эфирде тұрғындармен жүздесті

Қала әкімі Рашид Аюпов өзінің жеке парақшасынан тікелей эфирге шығып, Түркістандағы эпидемиологиялық жағдай туралы айтты, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Шаһар басшысы алдымен коронавирус пандемиясы таралуының алдын алу мақсатында атқарылып жатқан жұмыстар жайлы айтып, құрылысы жүріп жатқан ауруханалар бойынша ақпарат берді. Одан өзге, мобильді топтардың күнделікті жұмыс жүргізіп жатқанын ерекше назарға алып, қала тұрғындарының денсаулығы үшін атқарып жатқан жұмыстарына алғыс білдірді.

"Біз Түркістан қалалық орталық ауруханасына оттегі станциясын орнатып қойдық. Ол үлкен пайдасын тигізетін болады. Себебі, дәрігерлерге үлкен салмақтағы баллондарды тасу жұмысына қосымша уақытты талап еткен болса, енді тек өз істерімен айналысады. Әрине, бұл өткен жайттардың сабақ болуы нәтижесінде жүзеге асуда. Коронавирустың таралу қауіпі әлі сейілген жоқ. Сол себепті, жерлестерімнен сақтық шараларын сақтай жүруді сұраймын", - деген Рашид Абатұлы арақашықтып сақтап, бетперде тағып жүруге шақырды.

Сонымен қатар, тұрғындар тарапынан қойылған сауалдарға жауап беріп, алдағы уақытта жиі тілдесіп отыратынын айтты. Тұрғындар тарапынан қойылған жылу жүйесі бойынша әкім орынбасары мен жауапты мамандар күнделікті тұрғын үй аумағында жүріп, ерекше назарға алғанын айтып, дүйсенбіге дейін толық іске қосылатынын айтты. Сонымен қатар, қала аумағы жыл соңына дейін 100 пайыз газ құбырларымен қамтылатынын жеткізді.