Сайрам ауданында бұрын-соңды құнды жәдігерлерді сақтайтын жеке мұражай болмаған. Осыны ескерген аудан әкімдігі қазіргі заман талабына сай мұражай салуды қолға алып отыр.
Сайрам ауданының орталығы Ақсукент елді мекенінде жаңа мұражай салынып жатыр, деп хабарлайды ERNUR.KZ ақпараттық порталы аудан әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аталған нысанның құрылысына 2018 жылға аудандық бюджеттен 75 млн.тг.қаралған. Құрылыс жұмыстары ағымдағы жылдың тамыз айында басталып, қазіргі таңда жер қазу жұмыстары 100% және іргетасын құю жұмыстары 80% орындалған. Құрылысты "Арсенал-Юг" ЖШС-і жүргізуде. Мердігер мекеме құрылыс жұмыстарын 2019 жылдың наурыз айында толық аяқтап, нысан ел игілігіне табысталатын болады.
Айта кету керек, Сайрам ауданында бұрын-соңды құнды жәдігерлерді сақтайтын жеке мұражай болмаған. Осыны ескерген аудан әкімдігі қазіргі заман талабына сай мұражай салуды қолға алып отыр. Аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі ауыл округтері әкімдіктерімен және тиісті сала мамандарымен мұражайға қойылатын жәдігерлерді жинау жұмыстарын жүргізіп жатыр. Қазірдің өзінде 1000-ға тарта аудан тарихынан сыр шертетін түрлі бұйымдар топтастырылды.