​Сарыағаш ауданында құқық бұзуышылық бойынша жиын өтті

0
1 779

Осы жылдың 9 айында қылмыстық жағдай мен олардың алдын алу бойынша іс-шаралар туралы мекемеаралық есеп берілді.


​Сарыағаш ауданында құқық бұзуышылық бойынша жиын өтті

Түркістан облысы, Сарыағаш ауданында құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі бірлескен отырыс өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Аудан әкімдігінің үлкен мәжіліс залында аудан әкімі мен аудан прокурорының төрағалығымен ағымдағы жылдың 9 айында қылмыстық жағдай мен олардың алдын алу бойынша іс-шаралар туралы мекемеаралық жиналыс өткізілді.
Аталған жиналысқа ауданның барлық мүдделі мемлекеттік органдар және мемлекеттік емес ұйымдар қатысты. Мекемеараралық жиналыста қылмыстылықпен, оның ішінде жекелеген түрлері, яғни ұрлық, алаяқтық, бұзақылық, кәмелетке толмағандардың жыныстық тиіспеушілігіне қарсы қылмыстар және сол сияқты басқа теріс көріністермен күресу, алдын алу және болдырмау жолдары талқыланды.
Жиналыстың маңыздылығы, халықтың қауіпсіздігі мен оларға деген қолсұғушылыққа жол бермеу, кәсіпкерлікке қолайлы жағдай жасау құқық қорғау органдары үшін негізгі міндеттердің бірі екендігімен сипатталады. Жиналыстың қорытындысымен құқық қорғау органдары мен құзырлы органдарға тиісінше тапсырмалар беріліп, іс-шаралар жоспары бекітілді.