Сарыағашта тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алуға арналған кеңес өтті

0
2 719

Жиын барысында сектор меңгерушісі - азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың көріністерінен туындайтын қауіп-қатерлердің алдын алу және олардың жолын кесу іс-шараларын айтып, түсіндірді.


Сарыағашта тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алуға арналған кеңес өтті

Сарыағаш ауданы Әлеуметтік-психологиялық сүйемелдеу қызметі секторының меңгерушісі Марат Тарахтиев «тұрмыстық зорлық-зомбылық» құрбандарына қатысты Орталық аруханамен қол қойылған Меморандумды жүзеге асыру барысында аурухананың ұжымымен және бас дәрігер Бахыт Мирзалиевтің қатысуымен кездесу өткізді, деп хабарлайды ERNUR.KZ аталған мекеменің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жиын барысында сектор меңгерушісі - азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың көріністерінен туындайтын қауіп-қатерлердің алдын алу және олардың жолын кесу іс-шараларын айтып, түсіндірді. Жәнеде аурухананың қабылдау бөліміне «тұрмыстық зорлық-зомбылық» құрбаны белгісімен түскен тұлғаларға бірінші көмек ретінде дәрігерлік, психологиялық және әлеуметтік көмек көрсету керек екенін және құрбанға қатысты ақпаратты жасырмай біргелесіп жұмыс жасауды өтініш жасады.

М.Тарахтиев осы айдың 12-14 аралығында Румыния мемлекетінде «Гендірлік және Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және назар аудару әлеуетін нығайту, сонымен қатар Г/ТЗЗ-тың көп секторлы топтары жайлы, кешенді тәсіл бойынша тәжірибе алмасу» мақсатында іс сапарға барғанын айтып, сол елде «тұрмыстық зорлық-зомбылық» құрбандарымен қандай дәрігерлік жұмыстар жүргізетін тәжірибесімен алмасты.